Инновациялық жобалар

Инновациялық жобалар

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауында негізгі басымдылықтардың практикалық орындалуы, экономикалық өсудің жаңа моделімен Қазақстанды жаңғырту бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келеді.

ҚР БҒМ қолдауымен ҚазҰУ көпжылдық ғылыми зерттеу тәжірибелері негізінде білімді, ғылымды және инновациялық өндірісті біріктіру жолы арқылы ғылыми-инновациялық қызметті жетілдіруге арналған мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында Инновациялық кластер құру жобасын іске асыруда.

Жер асты сілтісіздендіру әдісі арқылы өндірілетін геотехнологиялық полигонды жобалау және минералдар шығатын жерлер үшін оның жұмысының оптималды режимін есептеу үшін программалық құралдарды құру, қалалық трафик бойынша техникалық мәліметтерді алуға компьютерлік сынақтарды өткізу мен ұйымдастыру, мемлекет кәсіпорындарының кадрлік мүмкіндіктерін бағалау платформаларының ашық коммуникациялық әзірленімдерімен байланысты университетте ғылым-білім-индустрия арасында тығыз байланыс орнату арқылы ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру жүргізілуде.

Университет ғалымдары АҚ «ТДЖҰА», АҚ «Ғылым қоры» және Қазақстан Үкіметі дүниежүзілік банкпен бірлесіп өткізетін конкурстарда технологияны коммерциализациялау үшін грант алуға белсене қатысады. Конкурстық іріктеу нәтижесінде ЖҒҚ және КҒҚ-ге арналған Гранттар бағдарламасы бойынша Дүниежүзілік банк өткізетін «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы арқылы университет ғалымдары іске асыратын жобаларды әрі қарай өндіріске енгізу үшін спин-офф компаниялар құрылған.