Усеинова Гульнара Рахымжанқызы


Усеинова Гульнара Рахымжанқызы

Заң ғылымдарының докторы, профессор

1994 ж. аспирантураны бітіргеннен кейін мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында ассистент оқытушы ретінде шақырылды.

1998 жылы аға оқытушы қызметіне, 1999 жылы - мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасына доцент қызметіне өтті.

1999 жылы ғылым бойынша заң факультетінің декан орынбасары қызметіне тағайындалды.

2003 жылы ғылым және магистратура бойынша деканның орынбасары қызметін атқарды.

2009 ж. бастап 2011 ж. тамызға дейін оқу-әдістемелік жұмыс бойынша деканның орынбасары ретінде тағайындалды.

2011 ж. қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасын меңгерушісі болып табылады.

1996 жылы ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаевтың жетекшілігімен «Ш.Ш. Уалихановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары» атты тақырыпта 12.00.01 – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, саяси ілімдер және құқық тарихы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2009 жылы «Ә.Н. Бөкейхановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары» атты тақырыпта 12.00.01 мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады (ғылыми кеңесшісі - ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев).

2012 жылы ҚР БжҒМ іргелі зерттеу бағыты бойынша ғылыми ұжымның басшысы ретінде грант иегері атанған.

2014 жылы ҚР БжҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, ҚР ІІМ медалімен, студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ құрмет мақтау қағазымен марапатталды.

Усеинова Г.Р. 100 астам ғылыми еңбектердің авторы.