Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы


Тоқбергенова Айгүл Әбдіғаппарқызы

география ғылымдарының кандидаты, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті

1988 – 1993 жылдар аралығында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география факультетінде «География» мамандығы бойынша білім алды. 1994 жылдың 1-қарашасынан бастап 1997 жылдың 31-желтоқсанына дейін 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды. 1999 жылы 25.00.24 - экономикалық, әлеуметтік және саяси география шифры бойынша «Экономико-географическая оценка земельных ресурсов разных типов природной среды Центрального Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы география доценті ғылыми атағына ие болды.

1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасында ассисент, аға оқытушы және доцент қызметтерінде жұмыс атқарып, қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі бойынша орынбасары қызметін атқарады.

Іргелі ғылыми зерттеулер бойынша аға ғылыми қызметкер ретінде 4 гранттық жобаның орындалуына қатысады.

«География», «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламаларының құрастырушысы. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде орыс және қазақ тілдеріндегі 15 оқулық және оқу құралдары, алыс шетелде жарық көрген 10 ғылыми еңбектің авторы.