Нұрмағанбет Ермек Талантұлы

Нұрмағанбет Ермек Талантұлы

з.ғ.к., PhD докторы, доцент.

Заң факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс бойынша декан орынбасары

2012 жылы Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласындағы Б.Ельцин атындағы Қырғыз Ресей Славян университетінде 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу, криминалистика; жедел іздестіру қызметі шифры бойынша «Процессуальные основы деятельности адвоката-защитника на предварительном расследовании по уголовному делу» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2013 жылдың 30 қыркүйегіндегі №1302 бұйрығымен 5D030100-құқықтану мамандығы бойынша доктор PhD берілді.

2007-2008 жылдарда заң факультетінің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының ассистенті болып қабылданды. 2009 жылдан бастап осы күнге дейін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді. Студенттер мен магистранттарға қылмыстық іс жүргізу құқығы, адвокатура, прокурорлық қадағалау, құқық қорғау органдары бойынша дәріс жүргізеді.

Зерттеп жүрген тақырыбы айналасында 130-дан аса мақалалардың авторы. 6 монография (3 монография шетелде жарық көрген) мен 3 оқу құралының (1 оқу құралы ағылшын тілінде) авторы.

Сонымен қатар Томсон Рейтер базасына қарасты ғылыми журналдарда 9 мақала, Скопус базасы бойынша 14 мақаласы жарыққа шықты.

Скопус базасы бойынша Индекс Хирша -1. Бірнеше мақалаларына шет ел ұйымдарынан 41 сілтеме жасалынған.