Мыңбаева Әйгерім Қазыевна


Мыңбаева Әйгерім Қазыевна

Педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Математика.Оқытушы» мамандығының түлегі (1994ж.).

2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–дың философия және саясаттану факультеті, жалпы және этникалық педагогика кафедасының меңгерушісі.

2001 жылы «Студенттерді оқытудағы ақпараттық технологиялардың дидактикалық негіздері» тақырыбында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың диссертациялық кеңесінде 13.00.01 – «Жалпы педагогика, білім беру және педагогика тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша «Теория и технологии научной деятельности высшей школы в условиях глобализации и информатизации общества и образования» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2010 жылдан ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің доценті.

200 тен астам ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде 7 монография, 8 оқулық және оқу әдістемелік құралдар т.б. ҚР БжҒМ, ҚР МК, ҚР Бірінші Президент қоры, USIS жобаларының жетекшісі және орындаушысы. 2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың диссертациялық кеңесінің жетекшісі болды. 2011 жылдан бері ҚазҰУ-дың Куратор-эдвайзерлер мектебінің жетекшісі.

М. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (ҚР БжҒМ, 2005), ҚР БжҒМ Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының стипендиаты (2002-2008).