Жәкебаев Даурен Бакытбекұлы


Жәкебаев Даурен Бакытбекұлы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультетіндегі

математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедра меңгерушісі, доцент, Ph.D доктор 

Оның ғылыми қызығушылығы – гидродинамикалық процестер, турбуленттік МГД ағыстарды математикалық моделдеу, газ және мұнай кен орындарындағы экологиялық мәселелердің есептеу аспектілері, атмосфераның жерүсті қабатының ластануын моделдеу, цилиндрлік аймақтардағы кеңістік ағысын сандық моделдеу, ірі құйын әдісімен фильтрленген стационарлық емес Навье-Стокс үшөлшемді теңдеулері негізінде изотроптық турбуленттіктің өзгерісін моделдеу.

1988-1996 ж.ж. Кеңсай орта мектебінде білім алған, 1996 жылдан 1999 жылға дейін О.А.Жәутіков атындағы РМФМОМИ-ын үздік тәмамдайды. 1999 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультетіне оқуға түсіп, 2003 ж. "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша аяқтап, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультетіне магистратураға оқуға түседі. 2005 ж. магистратураны үздік бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультетіне "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша Ph.D докторантураға түседі. 2008 ж. "Цилиндрлік аймақтардағы кеңістік ағысын сандық моделдеу" тақырыбында диссертация қорғап, Ph.D докторантураны аяқтады.