Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы


Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, «ГЛОССА» көпсалалы ғылыми-инновациялық білім беру орталығының директоры, Республикалық әйелдер Кеңесінің президиум мүшесі, ҚазҰУ әйелдер одағының төрайымы, ҚР БҒМ фундаменталды зерттеулер жобаларының жетекшісі және мүшесі, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі «ҚазҰУ хабаршысы» және «ВолГУ хабаршысы» (Ресей) ғылыми басылымдарының редакторлық алқасының мүшесі.

1983 жылы С.М.Киров атындағы ҚазҰУ филология факультетін үздік аяқтады.

Әр жылдары орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері, ҚР Мәжіліс Аппаратынның халықаралық байланыс бөлімінің кеңесшісі, әлем әдебиеті және журналистика университетінің ректоры, Д.А.Қонаев атындағы университетінің халықаралық қатынастар мен тілдер жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, докторанты, профессоры, орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Профессор Б.Ө. Жолдасбекованың 150-ден астам ғылыми еңбектері жарыққа шыққан. Ғылыми зерттеулері қазіргі әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосып, Қазақстанның әдеби үдерісі туралы ұғымды толықтырып, тарихи жәдігерлерді сақтауға ықпал етеді, ғылыми, социомәдени, саяси маңызы зор, республикамыздың халықтары арасындағы сыйластықты нығайта түседі.

Профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Үздік оқытушы» сайысының жеңімпазы, 2008 және 2014 жж. ҚР ҒБМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері.