Бекішев Құрманғали


Бекішев Құрманғали

педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры

Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының нақты мүшесі. 1949 жылы 1 қазанда Алматы облысында туған. 1966 жылы Іле ауданындағы №12 орта мектепті алтын медальмен, 1972 жылы Ленинград университетінің химия факультетін, 1975 жылы оның аспирантурасын «физикалық химия» мамандығы бойынша бітірген. 1976 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еңбек етіп келеді. 250 астам еңбектің, оның ішінде орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған 2 оқулық пен 40-тан астам оқу құралдарының авторы. Бейорганикалық химия мен химия дидактикасының осы күнгі мәселелерімен айналысады. 30 жылдан астам Қазақстанда химиялық олимпиадаларды ұйымдастыру және дамыту ісіне қатысады. 1993 жылдан бері қазылар алқасының төрағасы, 1998 жылдан бері химия пәні бойынша халықаралық Менделеев және бүкіләлемдік олимпиадаларға қатысатын Қазақстан құрама командасының ғылыми жетекшісі.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Оқу ісінің үздігі», «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медальдарымен және Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2008 және 2014 жылдары «Қазақстан Республикасы ЖОО үздігі» атағының иегері.