Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, филос.ғ.д.,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры

Профессор Байтенова Н.Ж. жоғары оқу орнында 1975 жылдан қызмет жасап барлығы 39 жыл еңбек тәжірибесі бар, соның ішінде 34 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де. Профессор Байтенова Н.Ж. «Жылдың Үздік ұстазы» атағымен (2006, 2014), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2008), «әл-Фараби атындағы КазҰУ 75 жыл», «әл-Фараби атындағы КазҰУ 80 жыл» медальдарымен, ҚР БжҒМ-нің «Көрнекті ғалым» номинациясы бойынша грант иегері (2009-2010), Халықаралық Болашақ бағдарламасының грант иегері (2013-2014).

Байтенова Н.Ж. шетелдік тағламалардан өткен: Индия, 2007 ж.; Египет, 2009 ж.; Малайзия, 2009 ж.; Германия, 2012 ж., Ұлыбритания, 2013-2014 ж. 300-ден астам басылымдары бар, соның ішінде, шетелдік басылымдар (Tomson Roiter, Scopus). Осы уақыт аралығында әр жылдары философия және саясаттану факультетінің ғылым бойынша деканның орынбасары, университет пен факультеттің Ғылми кеңестердің мүшесі, ҚР ЖАҚ-тың эксперттік Кеңестің Ғалым хатшысы, философия мен саясаттану бойынша докторлық диссертациялық кеңестердің мүшесі, философиялық ғылымдар саласындағы докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы, «КазҰУ Хабаршысы» журналының ғылыми редакторы, кафедра меңгерушісі болды. Оның жетекшілігімен 15 кандидаттық және 5 докторлық диссертациялар, 1 PhD докторант және 50-ге жуық магистерлық диссертациялар қорғалды.