«Білімді қолдау» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Даму Банкі АҚ-нан тәжірибе" атты қайырымдылық жобасы басталғаны туралы хабарлаймыз

05.12.2018

Көрулер: 260

Байқауыдың женімпаздары Қазақстан Республикасының ең үздік өндірістік компанияларында тәжірибеге ие болу кезеңінде 6 айлық шәкіртақы алуға мүмкіндігі болады. 

Бұл жобаның мақсаты: еліміздің техникалық мамандықтарының дарынды түлектеріне, студенттеріне қолдау көрсету, кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, Қазақстанның технология жағынан ең алдыңғы қатарлы өнеркәсіп кәсіпорындарының жетістіктерін ілгерілету. 
Байқау техникалық мамандықтар бойынша 2015-2018 жылғы түлектері, сондай-ақ 3,4 курс оқитын жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері үшін ашық. 
 Керекті мамандықтар: 
  •  Пайдалы қазбаларды байыту 
  • Механика 
  • Металлургия 
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер 
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы 
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 
  • Технологиялық машиналар және жабдықтау 
  • Электроэнергетика 
  • Мұнайгаз ісі 
  • Аспап жасау 
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология 
  • Ғарыш техникасы және технологиялары 
  • Ядролық физика 
Тәжірибе келесі кәсіпорындарда өтеді: 
1. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС\Ақтобе 
2. «Атырау мұңай өндеу зауты»\Атырау қаласы 
3. «Конденсат» АҚ\ Орал қаласы 
4. Космостанция (Алматы). 
5. «KAZ Minerals PLC» (Ақтоғай) 
6. «Павлодар мұңай-химия зауты» \Павлодар қаласы 
7. «Проммашкомплект»ЖШС\Екібастұз қаласы 
Студенттерден өтінім жинау 2018 жылдың 21 қарашаның сағат 9.00-ден 3 желтоқсанның сағат 18.00-ге дейін өтеді. Өтінім беру процесі толығымен автоматтандырылған, сондықтан өтінім берушілер онлайн режимінде осы сілтеме бойынша өтінім бере алады:
Өтінім берушілер келесі талаптарға сай болуы керек: 
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы; 
• Соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс; 
• GPA 3.7 баллдан төмен болмау тиіс; 
• Талаптардың 2.3 тарауында көрсетілген тұлғалармен үлестес болмау керек; 
• «Қазіргі Қазақстан үшін менің мамандығымның маңыздылығы» тақырыбына эссе жазу.
 «Қазіргі Қазақстан үшін менің мамандығымның маңыздылығы» тақырыбында эссеге ерекше көңіл бөлінеді. 
Эссе 500 сөзден кем болмау тиіс және келесідей аспектілер болуы керек:
 • неге сіз осы конкурсқа қатысуға шешім қабылдадыңыз? 
• қызығушылық мамандығы бойынша қажетті ақпарат қайдан алынған? 
• жоғары\орта білім беру мекемесінде немесе спорттық, ғылыми, еңбек және әлеуметтік қызметте жеке жетістіктеріңіз қандай? 
• неліктен бұл мамандық таңдалды, оны насихаттады (бедел, кәсібіне деген қызығушылық, қабілеттер, жоғары жалақы мүмкіндіктері, отбасылық дәстүр)? 
• сізге кәсіби болу үшін қандай қасиеттер қажет? 
• біздің мемлекетіміздің дамуына қандай үлес қосқыңыз келеді? 
Осы байқаудың жеңімпаздары 50 000 тенге айлық шәкіртақы алуға мүмкіндіктері болады. Шәкіртақыға тұру, жол жүру, тамақтану және басқа да шығындар кірмейді. Сондықтан жоғарыда аталған компанияларға жақын аймақтардан келген студенттер біріншіден қаралады. 
Назар аударыңыз! Сізге құжаттардың толық пакетін жинауды, осы құжаттардың нұсқаларын сканерлеуді және содан кейін ғана сайтқа тіркелу рәсімін өтуді ұсынамыз. 
Кез-келген шұғыл сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз: 
- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com); 
- FB-парақшамыз (https://www.facebook.com/taiburyl) 
- WhatsApp арқылы +7 771 501 91 37 сағат 19:00 дейін. 
Өтінім қабылдайтын модуль автоматтандырылған, ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау үшін ақпараттың әрбір тармағына түсініктеме берілген. 
«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі студенттерді байқауға белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының технологиялық үздік дамыған компанияларда сәтті тәжірибеге ие болуына тілектес.