Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық аударма Enago компаниясымен меморандумға қол қойды

24.08.2018

Көрулер: 6508

2018 жылдың 24 тамызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының шеңберінде жаһандық ғылыми-зерттеу қоғамдастығы үшін ағылшын тілінде редакциялық қызмет көрсетудің жетекші жеткізушісі Enago компаниясымен келісімге қол қойды. ҚазҰУ ғалымдары үшін қолжазбалар дайындауға Enago компаниясы қызмет көрсетін болады. Осы өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында ҚазҰУ ғалымдары өз зерттеулерінің мақалаларын танымал халықаралық ғылыми журналдарда жариялау мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Бұл әріптестік университет үшін де, Enago компаниясы үшін де өте маңызды. Академиялық аударма, басылымға дайындау және ғылыми-техникалық редакциялауды қамтитын үш деңгейлі қолдауымен, әртүрлі пәндік сала бойынша Enago 

мамандарының командасы ҚазҰУ-дың ғалымдары мен авторларына өз жұмыстарын журналдарда жариялау және қабылдау үшін қажетті ең қатаң стандарттарға сай дайындауға көмектеседі. Сондай-ақ, 40% мөлшерінде қызмет көрсету жеңілдіктерімен қатар, университет авторлары Enago тобының ҚазҰУ үшін арнайы құрылған порталында Ғылыми ресурстарға қол жеткізе алады.

Келісім аясында ҚазҰУ университет оқытушылары мен қызметкері арасындағы өз зерттеушілерінің қызметін Enago тобы арқылы ілгерілететін болады, сондай-ақ, өз веб-сайтында, ішкі платформаларда, жаңалықтар, блогтар мен әлеуметтік желілерде ынтымақтастық туралы ақпарат жариялайды.

 

Өз ғылыми жұмыстарыңызды (мақала / баяндама / монография / гранттық өтінім және т.б.) Enago сарапшыларына жіберу үшін мына нұсқауларды пайдаланыңыз:

1.  ҚазҰУ-дың зерттеушілеріне арналған Enago порталына барыңыз: https://www.enago.com/kaznu/

2.  Enago сайтындағы тарифтік жоспарлармен танысыңыз және өзіңізге қажетті қызметті анықтаңыз:

а. Ғылыми аударма + редакциялау
б. Баспа қызметі
с. Ғылыми-техникалық редакциялау

3.  Сайтта «Жіберу» батырмасын басыңыз және Ғылыми жұмысты жіберу үшін өтінім толтыру формасы бөліміне қайта бағытталасыз.

 

  1.        Форма жіберілгенне соң, бір сағат ішінде Enago тобы жұмысыңыздағы сөздердің санын және құнын есептейді, содан кейін зерттеушінің толық ақпаратын және төлемге қажетті сілтемесін жібереді.

5.  Төлемді аяқтағаннан кейін Enago тобы қолжазбаға арналған жұмысты бастайды және дайын құжатты көрсетілген мерзімде барлық қосымша материалдарымен бірге ұсынады.

 

Қосымша ақпаратты ҚазҰУ үшін жасалған Enago порталынан ала аласыз: https://www.enago.com/kaznu/.

Enago мен ҚазҰУ қолжазбаларды редакциялау туралы келісімге қол қойды.

Enago KazNU