V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

03.03.2018

Көрулер: 6887

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2018 жылы сәуір айының 3-13 жұлдызы аралығында V Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.

    2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жылсайынғы Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

   V Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.

   Фараби оқуларына Нобель сыйлығының лауреаттары, Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ ҚР СІМ және дипломатиялық миссия өкілдері қатысады.

     Оқулар шеңберінде келесі іс-шаралар:

  • · 3-4 сәуірінде «Әл-Фараби және қазіргі заман»V Халықаралық Фараби форумы;
  • · 4-13 сәуір аралығында факультеттердің халықаралық ғылыми конференциясы;
  • · 9-12 сәуір аралығында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

     Ғылыми-техникалық іс-шаралар Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және «Адам және биосфера» атты Ұлттық комитеттің ЮНЕСКО бағдарламасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы,      ҚР-ғы БҰҰ ақпараттық бюросы, «Ақадемиялық ықпалдастық» атты БҰҰ-ның Хаб бағдарламасы (UNAI), «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, «Түркі тілдес журналистер» қоғамдық қоры, «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы, Кингс колледжі (Лондон, Англия), Айтматов Академиясы (Лондон, Англия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Стамбул университетінің «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталықтарының (Түркия) қатысуымен өтетін болады.

     Өтетін орындары: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы. Заң факультеті. Философия және политология факультеті. География және табиғатты пайдалану факультеті. Химия және химиялық технология факультеті. Физика-техникалық факультеті. ҚазҰУ спорт кешені. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы.

ИП V-ФЧ-каз..docx