«Батыс-Шығыс сұхбаттастығы аясындағы философиялық ой кешу» атты дөңгелек үстел өтеді

28.04.2015

Көрулер: 2440

2015 жылдың 30 сәуірінде сағат 10:00‐де, (123 ауд) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор Бекет Ғалымжанұлы Нұржановтың туған күніне орай, «Батыс-Шығыс сұхбаттастығы аясындағы философиялық ой кешу» деген тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өткізіледі.

Дөңгелек үстел мәжілісіне ғалымның әріптестері мен шәкірттері, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы‐профессорлары, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысады.

Дөңгелек үстел мәжілісінің тақырыптары:

- Батыс-Шығыс мәдениетінің сұхбаттастығы;

- Батыс және Шығыс философиясы: салыстырмалы талдау;

- Философияны оқытудың әдістемелік негіздері;

- Қазақ философиясының өзекті мәселелері;

Ұйымдастырушы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті,

«Кіші Фараби Академиясы»

Байланыс:

050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр

көшесінің қиылысы), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану

факультеті, философия кафедрасы, 413 бөлме Телефон: (8-727) 292-17-52 қосымша 21-30

Келем деушілерге есік ашық. Өз пікірлеріңізді еркін айтып ой бөлісуге шақырамыз.

Байланыс телефондары; 87078346621, 87014789744,87025884166