«G-Global: жаһандық энергоэкологиялық тұжырымдамасын және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өтеді

16.04.2015

Көрулер: 3955

География және табиғатты пайдалану факультеті 2015 жылдың 17 сәуірінде сағ 15:00, 306-308 ауд. (ректорат) «G-Global: жаһандық энергоэкологиялық тұжырымдамасын және «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты: жаһандық энергоэкологиялық дамуды және «Жасыл көпір» Астаналық бастамаларын іске асыру және насихаттау жолдарын қарастыру; тұрақты қоғамның игілігі үшін ресурстық және энергетикалық тиімділік мәселелерін енгізу және танымалдандыру мақсатында жастарды тарту.

Семинар қатысушыларының интерактивті байланысы Онлайн трансляция арқылы тарату жоспарланып отыр.
Бұл іс-шараның негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту мүмкіншіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі индикаторларды қарастыру.
  2. Мемлекеттің кадр әлеуетін қамтамасыз ететін қазіргі білім беру жүйесін талдау.
  3. Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жастардың назарын аударту.
  4. Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұрасы, оның қоғамдық құрылыс түсінігі және қазіргі қоғамдағы тұрақты дамудың көрінісі, келешек ұрпақтың мұрагерлігі арасында байланыс орнату.

Онлайн семинар барысында келесі сұрақтарды талдау жоспарланады:

  1. Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту мәнмәтініндегі жасыл дамудың жаратылыстану-ғылыми индикаторлар жүйесі.
  2. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын сәтті жүзеге асырудағы қазіргі заманғы білім берудің және ғылымның рөлі.
  3. «Жасыл көпір ұрпақтан- ұрпаққа» халықаралық консорциумы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясын жүзеге асыру механизмі ретінде.
  4. Әл-Фараби ізгілік қаласы мен тұрақты даму тұжырымдамасы.

Барлық қатысам деушілерді төмендегі G-Global платформасына шақырамыз:

http://group-global.org