«ПОЛИТОЛОГ» Студенттік дискуссиялық клуб мәжілісі өтеді

07.04.2015

Көрулер: 3582

2015 жылдың 8 сәуірінде сағат 11.00-де Фараби форум шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында «ПОЛИТОЛОГ» Студенттік дискуссиялық клуб мәжілісі өтеді.

Клуб мүшелерімен танымал қазақстандық саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоры, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Карин кездеседі және өзінің «Солдаты Халифата»: мифы и реальность» атты жаңа кітабын ұсынады.