G-Global «Ай тұлғасы» ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді

31.03.2015

Көрулер: 3756

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен 2015 жылдың 1 сәуірінде сағат 12:00-де (ректорат 9 қабат, конференц-зал) G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтеді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «G-Global» мега жобасы жаһандық әлемдік мәселелерді шешу жолдарын қарастырудағы қатысушылар санының түбегейлі өсуіне жол ашты. Олардың арасында – Нобель лауреаттары, танымал ғалымдар, бизнес-қауымдастық, қоғамдық ұйымдар өкілдері, заманауи жетекші сарапшылар бар. Қазақстан және әлемдік қоғамдастық зияткерлерінің әлеуметтік желісі алдында БҰҰ-ның әлемдік дағдарысқа қарсы шаралар мен адами өркениеттің тұрақты дамуының жаңа мақсаттарына қол жеткізу саласындағы күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқару міндеті тұр.

Баспасөз қызметі