«Үнді және қазақ мерекелерінің сабақтастығы» атты мәдени-танымдық шарасы өтеді

30.03.2015

Көрулер: 3065

2015 жылдың 3 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Үнді және қазақ мерекелерінің сабақтастығы» атты мәдени-танымдық шарасы және үнді шайы фестивалі өтеді.

Шараның мақсаты Үнді мерекесі Холи мен қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекелері туралы ақпарат беріп, мәдени диалогты жүзеге асыру.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімі және Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (22 наурыз) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.

Үндістанда дәстүрлі «Холи» немесе бояулар фестивалі жыл сайын өтіп тұрады. Мерекелік шара кезінде халық қыспен қош айтысып, көктем мен жаңа жылды қарсы алады.

Адамдар көшеге шығып, бір-біріне түрлі-түсті бояу шашып, жақсы тілектер айтысып, би билеп, ән айтады. Үнді және қазақ халықтары үшін үнді шайының орны ерекше. Шәй - әлемдегі барлығы қызығатын жалғыз өнім. Шәй туралы осыншама құпия, сырлар және біз білмейттін жұмбақтар бірде бір басқа өнімде жоқ. Әр бір халықта шайға арналған өз дәстүрлері бар, барлығы да әрине әр түрлі.

Үнді шайларының ерекшелігін, құпиясын ашу, достығы жарасқан екі елдің көктем мерекелерінің сабақтастығын, мәдениеттер диалогын көрсету мақсат етілді.

Өтетін орны: Алматы қ, Қарасай батыр көшесі 95 а, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті (Халықаралық қатынастар және шығыстану факультетінің оқу корпусы) «Ғылыми кеңестің мәжіліс залы» 503 ауд.

Жауапты ұйымдастырушылар: Досова С.Н., Бокулева Б.С., Исмагулова С.А., Кокеева Д.М. aknazar0909@mail.ru, каб. 431 тел.: 8(705) 1301081

Өтетін уақыты: сағ. 15.00-17.00

мәдени шара бағдарламасы.docx