ҚазҰУ-да ардагер-әйелдерге арналған «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы өтеді

02.03.2015

Көрулер: 4509

2015 жылдың 3 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ардагер-әйелдерге арналған «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараны университетте оңтүстіккореялық «Кагнам Северанс» (Оңт.Корея) клиникасымен бірге ашылған «Smart Health» медициналық диагностикалық орталық қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз қарсаңында өткізіп отыр. Ұлы Отан соғысының ардагер әйелдері және тыл еңбеккерлері диагностикалық орталықта медициналық көмек түрлеріне, маман кеңесіне жүгіне алады және оларды сыйлықтар мен шай ішу салтанаты күтеді.

Сағат 9:00-де акцияның серіктесі «Колеса» такси қызметі ардагерлерді диагностикалық орталыққа тегін жеткізеді, ал тексеруден өткен соң үйлеріне жеткізіп салады, оларға ҚазҰУ-дың ерікті-студенттері көмектесіп жүреді.

Сондай-ақ, осы күні сағат 12:00-де «ҚазҰУ» кешенінің аялдамасы маңындағы алаңда университеттің көркем өнерпаздар ұйымының және студенттердің жастар флэшмобы мен концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Қазақ эстрада жұлдыздары да қатысады.

Бұл іс-шара жастардың соңғы ауру түрлерінің қауіптерін, медициналық көмекке жүгіну, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтын ұстануды арттыру мақсатында жасалып отыр. Акция барысында студенттер диагностикалық орталық мамандарының кеңесін алып, ары қарай медициналық зерттеуден өту үшін тіркеле алады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі