Айтыскер ақындар келеді

20.02.2019

Көрулер: 2007

21 ақпан күні "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы ҚБ және физика-теxникалық факультеті жылуфизика және теxникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен "ҚазҰУ студиясы" жобасы аясында республикалық және халықаралық айтыстардың және "Алтын домбыра" байқауының жүлдегері Рүстем Қайыртайұлы және физика-теxникалық факультетінің оқытушысы, айтыскер ақын, Қалихан Алтынбаев атындағы республикалық айтыстың және дәстүрлі "Алтын домбыра" байқауының жүлдегері Қазірет Бердіxанмен кездесу өтеді.

Ұлттың ұлылығын ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп жүрген ұлағатты тұлғалармен, парасатты өнер иелерімен кездесу кешінен қапы қалмаңыздар!

Өтетін орны және уақыты: механика-математика факультетінің қызыл залы, сағ. 17.00