Араб тілін оқытудың заманауи әдістері

14.02.2019

Көрулер: 2023

ҚазҰУ-да 16-23 ақпан аралығында «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты ұстаздарға арналған республикалық әдістемелік семинар өтеді.

Семинар Францияд (Sada Education Center), Иордания (Center العربية للجميع), Малайзия (Center نماء) және Қырғызстан (Center Alatoo) әріптестерімен бірлесе оқытушылардың біліктілігі мен оқыту сапасын арттыру мақсатында интерактивті әдістерді қолдану арқылы шет тілдерін және араб тілін оқытудың инновациялық әдістерімен таныстыру.

        Семинар жұмысы үш бағытты қамтиды:

  1. Араб емес тіл үйренушілерге бастапқы деңгейде араб тілін оқыту;
  2. Үш (дыбыс, сөздік, сөйлем) және төрт тілдік дағдыларды үйретудің жаңа тәсілдері (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу);
  3. Тіл үйретуде ойын әдістерін пайдалану.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарасай батыр көшесі, 95А шығыстану факультеті, №5 ғимарат 426 ауд.