«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы
Көрулер: 2054
Құрметті магистранттар, студенттер, оқушылар!
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің 85-жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалары аясында өтетін «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына магистранттар, студенттер мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2019 жылдың 5 сәуірінде өтеді. Конференцияда тыңдалған үздік баяндамалар ерекше марапатталады.
Қарастыруға ұсынылатын бағыттар:
- Қазіргі кісі есімдерінің қалпы мен ерекшеліктері
- Жер-су атауларының қазіргі қоғамдағы рөлі
- Жарнама тіліндегі жалқы есімдерінің қызметі
Қонференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін автор материалдың электрондық нұсқасын жіберуі тиіс (көлемі 3 беттен аспауы тиіс,Tіmes New Roman шрифті, 14 кегль).
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:
Мақала атауы ортада (бас әріптермен, 14 кегльмен)
Мақала авторы (аты-жөні) (12 кегель)
ЖОО атауы, қаласы (12 кегель)
Электронды пошта (10 кегель)
Ғылыми жетекші (12 кегель)
Өлшемдер: сол жағы, оң жағы, үсті және асты – 20 мм.
Жоларалық интервал – 1.0
Аннотация: 3-5 сөйлем, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Кілт сөздер: 5 сөзден аспауы тиіс, курсивпен, 10 кегльмен, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Әдебиеттерді жазу үлгісі:
1. Колесов В.В. Русская ментальность в языке и тексте. – СПб: Петербургское Востоковедение, 2006. С.11.
2. Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007.
Текст ішінде сілтеменің төмендегідей үлгіде жазылады: [1:23] (1 – еңбектің аты, 23 – беттің саны); [2:15, 16] (2 – еңбектің аты, 15 – беттің саны, 16 – еңбектің аты); [2, 16, 15] (2, 16, 15 – еңбектің аты).
Ұйымдастыру комитеті жарық көретін талаптар бойынша жазылған материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді. Мақалалар плагиат болмауы міндетті түрде қадағаланады.
Қатысу өтініші (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, атағы, дәрежесі, мақала атауы, секция атауы, e-mail, қатынас телефон нөмірі) және материалдар 2019 жылдың 25 наурызына дейін электронды пошта арқылы қабылданады: medet_73@mail.ru, medetperizat73@gmail.com
Мақалалар жинағы конференциядан кейін жариялау жоспарлануда.
Конференцияға қатысушының анкетасы
Аты-жөні |
|
|
Оқу орны |
|
|
факультет |
|
|
Курс/сынып |
|
|
Секция |
|
|
Баяндаманың тақырыбы |
|
|
Қажетті техникалық құралдар (атауын жазыңыз) |
|
|
облыс |
|
|
Қала |
|
|
|
|
|
Байланыс телефондар |
|
|
Конференцияға қатысу |
сырттай |
күндізгі |
Мекен-жайымыз: Алматы, әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы КазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы – 317 кабинет, эл.пошта medet_73@mail.ru, байланыс телефондар: 8 (727) 221 10 00, 8 (727) 221 10 10 (ішкі 13-29); 8-707-469-51-62; 8-778-394-27-75.
Жарияланым – ақылы: 2 000 тг., пошты арқылы мына мекенжай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: 050040, Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы, 317 каб., Медетбекова Перизат Түктібайқызы.
Төленім түбіртегінің көшірмесін электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: medet_73@mail.ru, medetperizat73@gmail.com
Конференцияға келу-қайту қатысушылардың есебінен.
Өтетін орны: 050040, Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атынд. КазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, А.С. Аманжолов ат. 322 дәрісхана. Тіркелу сағат 09.00-де басталады.
Жауапты хатшы: Сырлыбай Балауса 8-747-549-40-71.