«Journal Club» ғылыми клубының отырысы

12.02.2019

Көрулер: 1920

2019 жылдың 16 ақпанында (сенбі) сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық факультетінің 1-ші қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми үйірмесінің сегізінші отырысы өтіп, онда сенімді ғылыми нәтижелерге негізделген деректер түсіндіріледі.

Журнал клубының отырысында ғылыми-педагогикалық бағытта 1-курс докторанты А.И. Джумановпен бірге «Faecal immunochemical tests (FIT) versus colonoscopy for surveillance after screening and polypectomy: a diagnostic accuracy and cost-effectiveness study» талдау жасалады. Бүгінгі таңда, онкологиялық патологияның таралуы тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде өмір сүру ұзақтығының артуымен және онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша бағдарламаларды енгізумен байланысты. Қазақстанда қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім екінші орында тұр, оның ішінде жыл сайын шамамен 17 мың адам қайтыс болады.

Журнал клубына қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар шақырылады. Барлығын қатысуға шақырамыз! Біз сізді көруге қуаныштымыз.

Басты шарт -  барлық қатысушылары мақаланы алдын-ала оқуы керек.

Мақаланың мәтінін https://gut.bmj.com/content/early/2018/12/11/gutjnl-2018-317297.long сайтынан немесе Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультетінің сайтында жаңалықтар бөлімінен таба аласыз. http://www.kaznu.kz/ru/19131/news).

Модератор: эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының оқытушысы Кузиева Гульмира, электрондық адресі: gulmira.kuziyeva@kaznu.kz, 8 (705) 4446444.