«Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін»

04.02.2019

Көрулер: 2668

2019 жылдың 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Байтұрсынов атындағы тілтану Институты және мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесе отырып, «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Шара барысында Ұлы Даланың түркі мәдени мұрасын сақтау; алфавитті латындандыру бойынша ұсыныстар жасау; түркілер туралы тарихи деректер; Еуразияның мемлекетаралық байланыстары жүйесіндегі түркілер; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы түркологиялық зерттеулердің әдіснамасы және басқа да өзекті мәселелер қарастырылады. Оған белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар - О. Сүлейменов, М. Әуезов, Е. Қажыбек және түркітанушылар мен лингвистер қатысады.

Дөңгелек үстел аясында «Бакудегі 1926 жылғы алғашқы Түркологиялық съезі. Стенографиялық есеб» атты ҚазҰУ-да қайта жаңартылып шығарылған кітаптың тұсаукесері өтеді. Қазақстан университеті делегациясы 2018 жылдың желтоқсан айындағы Әзірбайжанға сапары барысында ұмыт қалған сирек кездесетін раритетті кітапты қайта басып шығару туралы келісімге қол жеткізген болатын.

Басылым 1926 жылы Бакуде өткен тарихи Түркология съезіне қатысушылардың баяндамаларының стенограммалары жинағы. Оның жұмысына Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақстандық делегация да қатысқан. Съезд делегаттары тарапынан айтылған ұсыныстар, әсіресе биыл Астанада дүниежүзілік түркітанушылар конгресін өткізу қарсаңында да өзекті болып отыр.

Өтетін орны және уақыты: басталуы сағат 15.00-де, ҚазҰУ-дың әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханасы (4 қабат, №409 конференц-залы).

Байланыс үшін: ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің «Түрксой» кафедрасының меңгерушісі Төрәлі Қыдыр, моб.: 8 707 101 6154, e-mail: qydyr.torali@gmail.com