«XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы»
Көрулер: 1901
25 қаңтарда тарих, археология және этнология факультетінде «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияда Қазақстанның жаһандық тарихтағы нақты рөлін көрсету мен бағалуға қатысты түйінді мәселелер, XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жолдары мен қоғамның жаңғыруы талқыланады.
Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде көшпелілердің этно-мәдени құндылықтарының тарихи белгілері, көшпелілер қоғамы институтының саяси және этноәлеуметтік іргетасы, қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеу аспектісінде қарастыруға арналған.
Конференцияға еліміздегі жетекші тарихшы, археолог, филолог, шығыстанушы, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысады.
Өтетін орны және уақыты: әл-Фараби кітапханасы 4 қабат 409, басталуы: сағ. 11.00.