ҚазҰУ-дың студенттер форумы

23.01.2019

Көрулер: 1940

2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Жастар жылына арналған студенттер форумы өтеді. Шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының 2 мыңнан астам студенті мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Олар Мемлекет басшысының Астанадағы жастар форумындағы сөйлеген сөзін талқылап, жас ұрпақ алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қатысу және ел дамуына қосар үлестері жөнінде өз ой-пікірлерімен бөліседі. Сондай-ақ, студенттер 4.0 Индустриясын құруға бағытталған шығармашылық идеялары мен инновациялық жобаларын таныстырып, стартаптарды жүзеге асырудағы өздерінің бірегей тәжірибесін ұсынады.

Шара аясында форумға қатысушылардың атынан еліміздің жастарына арнап ҚазҰУ студенттері ұсынып, құрған «Жастардың шығармашылығы мен энергиясы – елдің инновациялық дамуына» атты ұлттық қозғалысқа белсенді қатысуға шақыратын Үндеу жарияланады.

 

Өткізілу уақыты мен орны: басталуы сағат 16.00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы.

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48