«Шынайы Шығыс. ГДР-дегі өмір» фотокөрмесі ашылады
23.01.2019
Көрулер: 1679
25 қаңтарда Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ҚазҰУ-мен бірлесе Берлин қабырғасының құлауына 30 жыл толуына орай «Шынайы Шығыс. ГДР-дегі өмір» фотокөрмесін өткізеді.
Көрмеге ГДР суретшісі Харальд Хаусвальдтің танымал және танылып үлгермеген суреттері қойылады. Германия Демократиялық Республикасының бұрынғы өмірінен сыр шертетін 20 постер ұсынылады. Суреттерде сол дәуірдегі куәгерлердің өздері еске түсіре алмайтын ГДР-дың шынайы бейнесі көрсетіледі.
Өтетін орны және уақыты: ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі 95, Алматы қ., басталуы сағ.12.00
«Шынайы Шығыс. ГДР-дегі өмір» фотокөрмесі 8 наурызға дейін жалғасатын болады.