Климаттың өзгеруі бойынша дөңгелек үстел өтеді

22.01.2019

Көрулер: 1937

ҚазҰУ-да 24 қаңтарда Франция елшілігі мен климаттың өзгеруі саласында мамандардың қатысуымен «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Негізгі мақсат Қазақстанда климаттың өзгеруіне байланысты заманауи мәселелер мен оның себеп-салдарын талқылау болып табылады.

XXI ғасырдың маңызды халықаралық мәселелерінің бірі климаттың өзгеруі. Соңғы онжылдықтағы табиғи катаклизмдер, экстремалдық ауа райы құбылыстар санының өсуі ерекше алаңдаушылық туғызуда. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта жалпыға мәлім және беймәлім фактілердің жеткілікті мөлшері бар.

Өтетін орны:  Әл-Фараби кітаптханасы 4 қабат 409, басталуы сағ. 14.30

Байланыс телефондары: 87017296863, 8727-221-1225