НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, БАЙҚАУ!!!

03.01.2019

Көрулер: 118

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:

Химия және химиялық технология факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары;

Құжат қабылдаудың аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылғы 14 қаңтар, 18.00;

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (магистратура) және ғылыми дәрежесі, жетекшілік қызметтердегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс, ағылшын тілін; оқу үдерісін реттейтін ҚР БҒМ-ң нормативті құжаттары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын білуі қажет.

Байқауға қатысуға арналған құжаттар тізімі:

1) жеке куәлік;

2) қажетті білімді, білік пен дағдыны талап ететін жұмысқа орналасу үшін еңбек келісімшартын жасау барысында білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (дипломдар мен аттестаттар); 

3)еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

4) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) және флюорография мен жеке медициналық кітапша);

5) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 

6) өмірбаяны;

7) ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы;

8) 3*4 көлемдегі 1 сурет;

9) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы (еңбек кітапшасы бойынша толтырылуы тиіс);

10) біліктілікті арттыру және шет тілін білетіндігі туралы сертификаттардың көшірмелері;

11) ғылыми еңбектерінің тізімі (бар болған жағдайда);

12) алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс.

Байқауға қатысамын деушілер университет ректорының атына өтініш жазады (еркін түрде).

Өтінішке байқау туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттар тіркеледі.

Университет қызметкерлеріне де байқауға қатысуға рұқсат етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 377-35-35; кабинет №706