«Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты конференция өтеді
Көрулер: 2666
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті оқытушы-профессорлар құрамын «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. Бұл конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жыл сайын өтетін «VI халықаралық Фараби оқулары» форумы аясында 2019 жылдың 1 және 2 сәуірінде өтеді.
Шараның негізгі мақсаты - шығыс пен батыстың жетекші пульмонологиялық сарапшылары арасында тәжірибе алмасу, стандарттардың жаһандық өсуінен тұратын диалог және білімнің соңғы жетістіктеріне көшуі арқылы диагностикалау және емдеуге бағытталған. «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты танымал халықаралық конференция пульманологияның өзекті мәселелерін, соның ішінде өкпенің генетикалық аурулары, ауыр бронхиалдық астма, профессионалдық өкпе ауруларының аралас жағдайы және басқа да мәселелерді талқылауға арналып отыр.
2019 жылғы «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» халықаралық конференциясы (СОӨА) (GOLD) мәселелері бойынша әлемдік жетекші сарапшылардың бірі, негізгі баяндаушы, өкпе патологиясын зерттеушісі, неміс орталығының ғаламдық бастамашысы, профессор және ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, пульмонолог, қарқынды медицина және Филиппа ұйқы медицинасы университетінің профессоры (Марбург, ФРГ) Клаус Фогельмайер қатысады.
Халықаралық конференция шеңберінде Пленарлық және секциялық мәжілістер өтіп, Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің профессорлары мен жетекші пульмонологтары да қатысады деп жоспарлануда. Халықаралық конференцияда дамыған және дамушы елдерде СОӨА (GOLD) бар науқастарды объективті стратификациялау үшін машина алгоритмдерін пайдалану туралы есептер, жалпы тәжірибешілердің СОӨА басқару тәжірибиесі, сондай-ақ кәсіби СОӨА (GOLD) зерттеу әдіснамасы жарияланады.
Он-лайн режимінде тіркелу https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdecpFGjxqoSxnlt7CHtwRQDlL9tNcdZAcPFf4xULMSblthxg/viewform?usp=sf_link веб-сайтты арқылы 2019 жылдың 1 ақпанынан басталады.
Конференция мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы.
Тіркеу жарнасы: сертификат алу – 3000 тг, студенттер, интерндер, резиденттерге сертификат алу – 1000 тг, сертификатсыз – тегін.
Мақалалар мен баяндамалар 2019 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.