Жапондық білім беру жүйесі
Көрулер: 1990
Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті Шығыстану факультеті Қиыр шығыс кафедрасы Токио шет тілдер универститетінің (Токио қаласы, Жапония) профессоры, PhD докторы Окада Акитоның «Жапонияның білім беру жүйесі» тақырыбына өткізілетін дәрістеріне қатысуға шақырады.
Профессор Окада Акито Нью-Йорк университетінде (АҚШ) магистр дәрежесін, Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD доктор дәрежесін қорғаған, Scopus базасына кіретін басылымдарда жарияланған бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.
Кафедрамыздың 2 курс PhD докторанты Рүстемова Ақтолқынның шетелдік ғылыми кеңесшісі.
Келем деушілерге есік ашық!
Өтетін күндері: 12 – 25 желтоқсан аралығы
Дәріс уақыты: сағат 14:00 – 16:00
Өтетін жері: 536 аудитория, Шығыстану факультеті
Дәрістің өткізілу тілі: жапон