Ұлы Жібек жолының картографиясы: аналогтан электрондыға
Көрулер: 2184
Ұлы Жібек жолының картографиясы: аналогтан электрондыға
06.12.2018
10 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ұлы Жібек жолы университеттері желісінің президенті профессор Сангдон Хванның қатысуымен «Ұлы Жібек Жолының картографиясы: аналогтан электрондыға» атты халықаралық конференциясын өткізеді.
Ұйымдастырушылар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Жібек Жолын зерттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық.
Халықаралық конференцияның тақырыбы бойынша баяндамалар екі бағытта талқыланады: Ғылым және технология; Жібек Жолының тарихы мен дамуы.
Бағдарламада Оңтүстік Корея, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның жетекші ғалымдарының панельдік талқылауы мәлімденген.
Жібек жолы университеттерінің желісі демеуші болды.
Күні және уақыты: 10.12.18, сағат 09:30.
Өтетін орны: №409 конференция залы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы