"Шет елдерде корей әдебиетін оқыту: мәселелері, тенденциялары және болашағы"

06.12.2018

Көрулер: 1973

Қиыр Шығыс кафедрасы Корея Республикасы корейтану Академиясының шет елдік корейтану жобасы аясында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік "Шет елдерде корей әдебиетін оқыту: мәселелері, тенденциялары және болашағы" атты конференцияға қатысуға шақырады.

Ғылыми іс-шарада корей әдебиетінен (ТМД-дағы кәріс диаспорасының әдебиетімен қоса) оқулықтарды дайындау және оқыту мәселелері мен өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ жаңа әдебиеттану әдістемелерінде орындалған кәріс ақындары мен жазушыларының көркем шығармаларын талдау үлгілері ұсынылады.

Конференцияға Қытай, Корея, Ресей және Қазақстан елдерінің ғалымдары қатысады.

Өтетін күні мен уақыты:  2018 жыл, 7 желтоқсан сағ: 13.00-18.00.

Өтетін орны: Қарасай батыр, 95, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, 503 ауд.

Барлық тілек білдірушілер мен мүдделі тұлғаларды шақырамыз!