Шыңғыс Айтматов әлемі

30.11.2018

Көрулер: 2404

2018 жылдың 5-6 желтоқсанында Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған Шыңғыс Айтматов Әлемі Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) Қазақстан жазушылар одағы (Қазақстан), ҚР БҒМ М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты (Қазақстан), University of Cambridge (Ұлыбритания), University of London (Ұлыбритания), Айтматов академиясымен (Ұлыбритания) бірлесе отырып, өткізіледі.

Әлемге әйгілі ұлы жазушы, әлем әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, дипломат Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың шығармашылығына арналған конференцияның басты мақсаты – ХХ-ХХI ғасырлардың аса көрнекті суреткерлерінің бірі – «Адамзаттың Айтматовына» айналған Қырғыз Республикасының халық жазушысын әлемдік феномен ретінде көрсету.

Конференция барысында келесі басыңқы бағыттар жұмысы жоспарлануда:

1-бағыт. Ұлы дала өркениеті және Ш. Айтматов әлемі.

2-бағыт. Шыңғыс Айтматов және әлемдік әдеби үдеріс.

Конференцияда:

Ақын, әдебиеттанушы, дипломат, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері Олжас Сүлейменов, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаев, Айтматов академиясының директоры Рахима Абдувалиева (Ұлыбритания), жазушы, тележүргізуші, Лондондағы Шығыстану және африкатану мектебінің оқытушысы Jonathan Fryer (Ұлыбритания), Қырғыстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Ш. Айтматов ат. Тіл және әдебиет институтытының бас ғылыми қызметкері Айнур Кадырманбетова (Қырғызстан), ақын, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Улугбек Есдаулет, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Руслан Мамыров, Әзірбайжан ұлттық академиясының академигі, әдебиетші, жазушы, М. Фузули қолжазбалар институтының директоры Теймур Керимли (Әзірбайжан), Қырғыз Республикасы ҰҒА Ч. Айтматов ат. Тіл және әдебиет институты ғылыми қызметкері Ж.Ж. Тургунбаева (Бишкек, Қырғызстан), Кембридж университетінің зерттеушісі, философ және публицист Шоқан Лаумулинның (Ұлыбритания) қатысуы жоспарлануда.

Пленарлық мәжілістің өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби кітапханасының конференц-залы (№416, 4 қабат) (Алматы, Қазақстан).

Өтетін күні мен уақыты: 2018 жылдың 5 желтоқсаны, 11.00 – 13.00.

Конференция қатысушыларын тіркеу: 2018 жылдың 5 желтоқсаны, 10.00 – 10.45.