Жәрмеңке!

09.10.2018

Көрулер: 648

Биология және биотехнология факультетіне қарасты Алматы облысы Іле ауданы Жаңаталап ауылында орналасқан Оқу Агробиозертханасы университетіміздің Жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің ғалымдары мен студенттерінің ғылыми-инновациялық, тәжірибелік , өндірістік практикасын жүзеге асыратын жеке базасы болып табылады. Осыған орай, зерттеу мақсатында ауылшаруашылық (жеміс-көкөніс, дәнді-техникалық дақыл, т.Б) өнімдері өсіріліп, студенттердің оқу бағдарламасындағы академиялық күнтізбесіне сәйкес өндірістік практикадан өткізіледі. Қазақ Ұлттық Университеті қалашығында 2018 жылдың 12-қазан күні университет қызметкерлері мен студенттерін сауатты өмір сүруге бағыттау және әлеуметтік қолдау мақсатында нарықтағы бағадан төмен бағамен "Агробиостанцияның экологиялық, табиғи таза өнімдері жәрмеңкесін" өткізеді. Баршаңызды осы жәрмеңкеде атсалысып, келуге шақырамыз!