Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл

18.09.2018

Көрулер: 3532

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әйгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Уақыты: 2018 жылы 21 қыркүйек, сағат 11.00.
Орны: № 15 қабат Ректорат мәжіліс залы

Ғылыми жиынға еліміздің көрнекті ғалымдары, қоғам қайраткеркерлері мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция барысында Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында жарияланған байқау жеңімпаздары шәкіртақы табыс етіледі.

Ақпарат. Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысы Қаратал ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» Бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» және көптеегн медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және арнаулы төс белгісімен марапатталған. Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының өркендеуіне үлес қосқан Кемел Тоқаев «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Солдат алысқа кетті», «Ұясынан безген құс» сияқты туындылардың авторы.

Ұйымдастыру комитеті:

әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті «К. Тоқаев атындағы Қоғамдық қайырымдылық қоры»

Байланыс: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісі Г. Сұлтанбаева;

Тел.: 221-14-92, моб: +77073777049;

e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

А. Белгараева 8 (727) 221-13-51, 8 701 888 72 76

e-mail: ardak2776@gmail.com