"Еуразиядағы көші-қон көпірлері" жобасы аясында конференция өтеді

16.08.2018

Көрулер: 4775

2018 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтымен бірге және РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен (МГИМО) ынтымақтаса отырып, «Еуразиядағы көші-қон көпірлері» жобасы https://mgimo.ru/about/news/conferences/10-letie-proekta-migratsionnye-mosty-v-evrazii/ негізінде «Қазақстан Еуразияның көші-қон орталығы: миграцияның тұрақты дамуға қосатын үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға қатысуға сараптамалық, ғылыми және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссия, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Еуразиядағы миграция процестері және Қазақстанның рөлі: трендтер, динамика, болжамдар;
  • Еуразиялық кеңістіктегі миграция және тұрақты даму: Қазақстан, Ресей және серіктес елдердің тәжірибесі;
  • ЕАЭО интеграция және миграция жағдайындағы миграцияны басқару модельдері және миграция саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;
  • Еуразиялық кеңістіктегі білім беру миграциясы және жаһандану жағдайындағы адам капиталының дамуы;
  • ЕАЭО мүше елдердің еңбек нарығын реттеу ерекшеліктері және мигранттардың ақша аударымдары;
  • Ресей және Қазақстанның Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен миграция саласындағы өзара қатынастары: проблемалар мен перспективалар;
  • Еуразиядағы заңсыз миграциямен күрес бойынша үрдістер мен шаралар.

Конференцияға қатысу бойынша өтініштер 2018 жылдың 23 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайлар бойынша қабылданады: Храмова Марина kh-mari08@yandex.ru Деловарова Лейла delovarova@mail.ru. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.