Бағдар беру апталығы өтеді
Көрулер: 4679
ҚазҰУ-да 22-31 тамыз аралығында университет табалдырығын аттағалы отырған студенттерге бағдар беру апталығы өтеді.
|
|
|
22.08. – 29.08.2018 |
Бірінші курс студенттерінің факультет басшылығы, кафедра меңгерушілерімен кездесуі, топ кураторлармен танысуы: - бағдар беру апталығы кестесінің хабарландырылуы; (бағдар беру апталығының бекітілген кестесінің нұсқасын қабылдау компаниясынадағы техникалық хатшыларға және Тәрбие департаментіне өткізу.) |
Факультет декандары және кафедра меңгерушілері |
22.08. – 31.08.2018 |
Студенттер үйіне орналасу тәртібінен ақпарат беру және орналастыру. Студенттер үйіне орналасу бойынша келісімдер жасасу. |
Декандар, тех.хатшылар және қаржы басқармасы |
27.08. -31.08.2018 |
2018 жылы қабылданған студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтап, ағылшын және көптілді топтардың қалыптасуы үшін студенттердің тестілеу іректеуін өткізу. |
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, факультет декандары және кафедра меңгерушілері, Шетел тілдері кафедрасы |
27.08.-31.08.2018 |
2018 жылы қабылданған студенттерді спорттық секциялар мен клубтарға бөлінуі. |
Факультет декандары, Дене шынықтыру және спорт кафедрасы |
27.08.- 31.08. 2018 |
Факультеттер 1 курс студенттерінің бекітілген кесте бойынша жұмысы: - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық саясатымен, студенттердің Ар-намыс кодексімен, студент туралы ережемен, ішкі тәртіп ережелерімен танысу және т.б; - Факультетаралық саяхаттар. |
Факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, аға куратор-эдвайзерлері, топ эдвайзерлері |
22.08.2018 |
Университет қалашығындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына, жастар интернет орталығына, кітапханалар мен мұражайлар арасындағы саяхаттар. |
Факультет декандары, «Керемет» СҚКО-ның директоры С.М. Баяндинова және кітапхана директоры К.Т. Туенбаева, имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаменті директоры Д.К. Дюсебаев, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, аға куратор- эдвайзерлері, топ эдвайзерлері |
22.08.2018 |
Студенттер үйіне орналасушылардың медициналық тексеруден өтуі және «Керемет» медициналық орталығына тіркелу орталығына тіркелу |
Диагностикалық орталықтың директоры Э.А. Калиев, куратор- эдвайзерлері |
03.09.2018 |
Факультеттердегі көшбасшылық дәрістер |
Факультет декандары |
03.09.- - 11.09.2018 |
Студенттік топтардың белсенділерін сайлау
|
Декан орынбасарлары, Жастар ұйымдары комитеті, студенттік декандар |
03.09. – 11.09.2018 |
Жалпыуниверситеттік әлеуметтік-инновациялық жобаларды таныстыру: «AL-FARABI university – smart city», «Айналаңды нұрландыр», «100 кітап», «КазНУ-грин кампус», «Культ здорового тела» |
Жастар ұйымдары комитеті, студенттік декандар |
03.09. – 15.09.2018 |
Бірінші курс студенттерінің студенттік өзін өзі басқару белсенділерімен кездесуі. Клубтық-үйірмелік қызметтің таныстырылуы. |
Жастар ұйымдары комитеті, Арт орталықтың басшысы Ж.Ү. Сартбай |