Бос жұмыс орнына байқау жарияланды

22.08.2018

Көрулер: 4547

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды. Байқауға құжат қабылдау мерзімі 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (магистратура), жетекшілік қызметтердегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс жәнеғ ағылшын тілін білуі қажет.

Байқауға қатысуға арналған құжаттар тізімі:

1) жеке куәлік;

2) қажетті білімді білік пен дағдыны талап ететін жұмысқа орналасу үшін еңбек келісімшартын жасау барысында білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (дипломдар мен аттестаттар);

3)еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

4) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) және флюорография мен жеке медициналық кітапша)

5) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 

6) өмірбаяны;

7) ХҚКО-дан мекенжай анықтамасы;

8) 3*4 көлемдегі 1 сурет;

9) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы (еңбек кітапшасы бойынша толтырылуы тиіс);

10) біліктілікті арттыру және шет тілін білетіндігі туралы сертификаттарың көшірмелері;

11) ғылыми еңбектерінің тізімі (бар болған жағдайда);

12) алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс.

Байқауға қатысамын деушілер университет ректорының атына өтініш жазады (еркін түрде жазылған).

Өтінішке байқау туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттар тіркеледі.

Университет қызметкерлеріне де байқауға қатысуға рұқсат етіледі.

Барлық сұрақтар бойынша: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 8727-377-35-35; кабинет №706