Журналистика мамандығын жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқыту әдістері

04.07.2018

Көрулер: 258

Республикалық  ғылымидістемелік семинар –тренинг «журналистика мамандығын жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқыту әдістері»

Халықаралық оқу-әдістемелік кеңестің қолдауымен ұлттық білім берудің сапасын жақсарту  мақсатында 20-31 тамыз (2018 жыл) аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында (№230 ауд) баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызының жетекшілігімен (журналистика пәнін оқытатын мектеп мұғалімдері мен журналистика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары оқытушыларына, жас ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға арналған) «Сапа: Журналистика мамандығын жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқыту әдістері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді. Семинар-тренинг аясында жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылады.

72 сағат көлемінде жоспарланған бұл семинар – тренингтің қорытындысында республикалық оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен кәсіби біліктілікті арттыру жөніндегі сертификаттар тапсырылады.

Қатысуға тілек білдірген тұлғалардың өтініштерін төмендегі нұсқада толтырып, abdyzhadylkyzy.zhydegul@gmail.com поштасына 2018 жылдың 1-тамызына  дейін жіберуін сұраймыз.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ, әл-Фараби д., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

e-mail: abdyzhadylkyzy.zhydegul@gmail.com 
Байланыс телефондары: 87784559048; 87077747464

Жауапты: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызы