Алматыдағы халықаралық жазғы мектеп

14.05.2018

Көрулер: 4394

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, Бизнес халықаралық академиясының әлеуметтік-экономика кафедрасы және Тюмен индустриалдық университеті «Жеке тұлға жетілдірудің негіздері» атты Жазғы мектепке қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды.

Қазақстан қалаларының ішіндегі ең әдемі қала – Алматы қаласында Жаздық мектепке қатысуға ұсыныстар қабылданады. Бағдарламаның басты мақсаты – білімгерлерге өз қабілеттеріне сай білім беру, көшбасшылық қырын дамыту және әлем халықтарымен танысу.

Жазғы мектеп құрамына 9 курс кіреді:

1) Тиімді келіссөздер және НЛБ негіздері: келіссөздер жүргізу өнері және көпшілік алдында сөз сөйлеу, полемикалық шеберлік, тілдік қарым-қатынас және өзін ұстау мәдениеті, шешен адам келбеті, қарым-қатынас психологиясы мен НЛБ негіздері; түйіндеме жасау шеберлігі және дипломдық жұмысты қорғау;

2) Жеке тұлғалық менеджмент: алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу өнері, уақытты басқару негіздері, жеке тұлғалықтың функциялары және уақыт пен істерді ұтымды жоспарлау;

3) Эмоционалдық интеллект және өзін-өзі басқару өнері: эмоционалдық интеллект туралы түсінік, оның кәсіби қызметтегі және жеке адам өміріндегі рөлі; теріс әсерге қарсы тұру қабілетін дамыту;

4)  Копирайтинг: жарнамалық, презентациялық, ақпараттық мәтіндерді, ғаламтор көздерімен жұмыс істеуді және олардың мазмұнын жазу өнері; копирайтинг түрлері, қазіргі замандағы копирайтинг мамандығы;

5) Мотивацияны басқарудың қазіргі заманғы әдістері: еңбек мотивациясының әлеуметтік-психологиялық негіздері және мотивацияның негізгі моделдері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес мотивациялық профильді құрастыру; жеке және кәсіби ынталандырушылардың нақты кешенін қарастыру;

6)  Тренинг оқытудың моделі ретінде: жоғары және орта мектептерде тренинг жүйесін қолдану ерекшеліктері; тренинг бағдарламаларын құрастыру принциптері; «топтар мен рөлдері» мәселелері, «“күрделі” қатысушылар және оларға ықпал ету жолдары» мен оларды тиімді шешу жолдары;

7) Жазушының шығармашылық зертханасы: орыс және әлем әдебиетінің классиктерінің шығармашылық лабораториясының құпиялары; әртүрлі жанрлардағы шығармаларды жазу өнері және көркем шығармалармен жұмыс істеудегі негізгі кезеңдері;

8) Әдеби шығармаларды оқытудың тәсілдері: тез оқудың негіздері, әртүрлі жанрдағы жазылған көркем шығармаларды қабылдау, түсіну және талдау ерекшеліктері

9) Бизнес нөлден: бизнес-жоспарларды құрастыру негіздері және бизнес-жобаларды дамыту, маркетингтің ерекшеліктері және сатылатын сайттарды іске асыру жолдары.

Мерзімі және өтілу шарты: Маусым, 2018 жыл

Сабақты мемлекеттік және шетелдік жетекші ғалымдар, жазушылар жүргізеді.

Жазғы мектеп бағдарламасында дәрістер, практикалық сабақтар, тренингтер, жобалармен жұмыс, өз бетімен жұмыс қамтылған.

Жазғы мектеп шеңберінде дөңгелек үстелдер, поэзиялық кештер, пікірталас, шеберхана жұмысының ашылу салтанаты; ғылыми институттарға, мұражайларға, кітапханаларға, Алматы қаласы мен оның маңайына экскурсиялар ұйымдастырылады.

Жазғы мектепті аяқтаған соң сертификат беріледі.

Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушыларға қойлатын талаптар:

Жазғы мектепке:

  •   барлық елдерден кандидаттары;
  •   қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білетін кандидаттар қатыса алады.

Жазғы мектепке қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы онлайн өтінішті толтыру керек:

https://goo.gl/forms/2r6nI9XwG9Bo2aRt1

Жазғы мектепке байланысты сұрақтарды: Өтілетін уақыты мен бағдарлама бағасы туралы ақпаратты сіздер телефон немесе e-mail-ге сұрақ қою арқылы ала аласыздар.

Тұрақ-жай және тамақтану: Жазғы мектепке қатысушылар ҚазҰУ қалашығында тұрады және университеттің барлық қорларын пайдалана алады: кітапхана, спортзал, асхана, Интернет.

Жазғы мектеп туралы толық мәліметті төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (323, 325 каб.); телефондар: +7 (727) 3773339 (ішкі. 1328, 1330), e-mail: teorialit@list.ru, maryama140870@gmail.com.