Х Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы
Көрулер: 4132
«Х Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы
Сіздерді 2018 жылдың 11-12 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік орталық музейі әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейімен бірігіп ұйымдастыруымен өтетін «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» атты тақырыппен өтетін дәстүрлі «Х Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:
- археология мен этнологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тұрғылар;
- археология, этнология және музеологияны ЖОО-да оқытудың жаңа тұрғылары мен инновациялық әдістері;
- тарих ғылымындағы пәнаралық әдістер;
- тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музеефикациялаудың әдістері;
- қазақстандық көрнекті археологтар мен этнологтар жайлы естеліктер мен ой-толғамдар;
- археологиялық және этнологиялық экспедициялардың далалық материалдары.
Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.
Конференцияның өтетін жері мен уақыты: Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, Алматы қаласы, Самал-1 ы/а, 44 үй.
Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін келесі мекен-жайға: orazbayev-conference@mail.ru баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін жіберу керек.