Әл-Фараби Қазақ және әлем философиясы, мәдениеті мен өркениетінде

17.04.2018

Көрулер: 4092

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы ұйымдастыруымен 20 сәуір 2018 жылы сағат 10-00-де Әл-Фараби кітапханасы 2-ші конференц-залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Алтаев Жақыпбек Алтайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби Қазақ және әлем философиясы, мәдениеті мен өркениетінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және V Әл-Фараби оқулары аясында Әл-Фараби мұрасы және өркениеттер сұхбаты; Түркі әлемінің мәдени, әлеуметтік және діни бірегейлігі; Қазақ философиясы: бастаулары – дәстүрлері – болашағы; Рухани жаңғыру: Заманауи Қазақстандағы руханилық, білім және саяси үдерістер атты бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Қазақтың ұлттық коды-Әл-Фараби ілімінде жатыр. Ал осы ғұламаның еңбектерін халыққа насихаттауда ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Жақыпбек Алтаевтың еңбегі орасан. Философ Жақыпбек Алтайұлы өз еңбектерінде әл-Фарабидің шығармаларына ерекше көңіл бөліп, ұлы ойшылдың қазақ топырағында кең дәріптелуіне өлшеусіз үлес қосқан елімізге белгілі беделді ғалым. Жақыпбек Алтаев ұстаздық жолында 30 ғылым кандидатын, 9 ғылым докторын, соның ішінде 3 PhD докторын дайындап шығарған. Бұл конференция ұлтына өлшеусіз қызмет еткен ғалымның 70 жылдық мерейтойы құрметіне орай ұйымдастырылып отыр.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған университет оқытушы-профессорлар құрамы және алыс-жақын шет ел ғалымдары мен еліміздегі белді оқу орындарының белгілі философ ғалымдары қатысады. Мәселен, Франциядан Құрметті профессор, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Алтын медалінің иегері Альберт Фишлер, АҚШ-тан философия бойынша докторлық бағдарлама жетекшісі, Огайо университеті, PhD, профессор Джеймс Петрик, Қырғызстаннан мемлекет және қоғам қайраткері, педагог, тарихшы, саясаттанушы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жолборс Жоробеков, Ататүрік-Алатоо Халықаралық-Философия университеті ректорының кеңесшісі, кафедра меңгерушісі Мариям Эдилова, Кореядан Хангук шет тілдер университетінің профессоры Әлия Құрышжан, Иран Ислам республикасының Қазақстандағы елшілігі, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі өкілдері мен Фарабитанушы ғалымдары, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюни, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурыков, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары және т.б. құрметті қонақтар қатысады.

Толығырақ байланыс үшін:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы,

Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы,

әл-Фараби орталығы 104 бөлме. Телефон: (8-727) 393 75 39.

e-mail: farabikaznu@gmail.com

Байланыс тел:.

+7 701 744 12 80 Алтаев Жақыпбек;

+7701 253 44 66 Аликбаева Жұлдыз; +7 707 117 71 13 Әлиев Шаттық.