Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

05.04.2018

Көрулер: 3994

2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университетімен (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып "Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық" ("Arid Lands: Environmental and Social Sustainability") атты Халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Шара Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтарының тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған.

Конференция бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды:

v «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарының тұрақты дамуы» пленарлық тақырыптық сессиясы және бірнеше баяндамалар.

v Келесі тақырыптық бағыттар бойынша үш бөлімдік жұмысты:

  1. «Орталық Еуразия аридті аймақтарының экологиялық мәселелері»

(Климаттық тұрақтылық, шөлдену, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғат қорғау аймақтары, экологиялық заңдар, қашықтықтан зондтау, кеңістіктік талдау, жердің тозуы, су ресурстары және т.б.)

  1. «Орталық Еуразиядағы аридті аймақтарда тұрақты даму»

(Жер пайдалану, техносфера, туризм, жергілікті қауымдастықтарының мәселелері, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен теңсіздікті төмендету, тұрақты даму мақсаттары мен жергілікті/ аймақтық мәселелер, ЮНЕСКО / ЮНЕП бастамалары, жаһандық ынтымақтастық пен перспективалар және т.б.)

  1. «Өткен және қазіргі кездегі Жібек Жолы»

(Тарих, археология, Бүкіләлемдік мұра, трансшекаралық мәселелер мен қоршаған орта, Азияда және одан тысқары аймақта даму мен ынтымақтастық дәліздері және т.б.).

Аталған конференцияға барлық қатысам деушілерді шақырамыз!