Араб тілі апталығы

06.03.2018

Көрулер: 3215

Шығыстану факультетінде 2018 жылдың 5-9 наурызы аралығында араб тілінің мәдени апталығы өтеді. Апталық төмендегі кестеге сай өтетін болады.

5 наурыз

13.30-14.30. Араб тілі апталығының ашылуы

Нұр-Мүбарак университеті профессорының «Араб отбасының өмір сүру салты» атты баяндамасы.

Араб әдеби тіліндегі «Кәлила мен Димна» шығармасы желісімен жасалған фильмді тамашалау.

6 наурыз

14.00-15.00. Араб елдерінің тарихына қатысты баяндама.

15.00-16.30. Араб әдеби тіліндегі «Заһир Бейбарыс» фильмінің екі сериясын тамашалау.

7 наурыз

10.00-13.00.

1. Екі топ арасында «араб тілі» бойынша өзара жарыс өткізу.

Бірінші топ: Бірінші және екінші курс студенттері арасында.

Екінші топ: Үшінші, төртінші курстар мен магистранттар арасында.

Жүлделі орындарға екі жүз қырық мың теңге төмендегі тәртіп бойынша үлестірілетін болады:

Әр топтан бірінші орын алғандарға елу мың теңгеден

Әр топтан екінші орын алғандарға қырық мың теңгеден

Әр топтан үшінші орын алғандарға отыз мың теңгеден

2. Жүлделерді табыстау және араб тағамы.

9 наурыз:

Араб тілі апталығының салтанатты жабылуы және араб тілі жарысынан жүлделі орын алғандарды марапаттау.

Іс-шара қонақтары:

Мысыр елшілігі жанындағы мәдени және білім қарым-қатынас орталығының директоры, профессор Хемдан Ибраһим, Нұр-Мубарак университетінің ректоры және профессорлары.

Өтетін орны:

Қарасай батыр көш. 95, Шығыстану факультеті.