Жұқпалы ауруларға егу жұмыстарын жүргізу бойынша конференция өтеді

05.03.2018

Көрулер: 5295

2018 жылдың 30 наурызында «Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларға егу жұмыстарын жүргізу бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі, ҚазҰУ-дың медициналық факультеті және «Вакцинология» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастыратын шараға Ресей Федерациясы «Федеральды медико-биологиялық агенттігінің балалар жұқпасы бойынша ҒЗИ» ФМБМ жұқпалы аурулардың профилактикасы бөлімінің басшысы С.М. Харит, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты қорғау бойынша комитеттің бас сарапшысы Н.Ю. Азимбаева, Оңтүстік-Орал мемлекеттік медициналық университетінің профессоры, Г.Л. Игнатова, ҚБ «Ғылыми медициналық қоғам» жетекшісі Е.Е Сурия, «Вакцинология» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.М. Куатбаева, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті аймақтық департаментінің дәрігер-эпидемиологтары және басқа да сала мамандары қатысады.

Бағдарлама тақырыптары:

v Әлемде иммунизациялау бағдарламасында қолданылатын жекелеген заманауи вакциналардың сипаты (гекса-, пентавалентті, менингокок және ротавирус жұқпасына қарсы);

v Қазақстанның   егу жұмыстарының Ұлттық күнтізбесі аясында заманауи екпелерді қолдану тиімділігін бағалау;

v Қауіп-қатер тобындағы, соның ішінде пневмококкты, менингококкты жұқпалар мен тұмау вирусын қоса алғанда тұлғаларға екпе жасау тәртібі;

v Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды егу жұмыстармен қамтылуын жоғарылату және медицина қызметкерлерінің комуникативтік дағдысын жоғарылатуға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. 

әл-Фараби кітапханасы, 4 қабат 416 ауд. 

Қатысушыларды тіркеу: сағ. 8.00-9.00

Басталу уақыты: сағ 9.00-18.00

әл-Фараби кітапханасының ғимаратына Тимирязев көшесі арқылы Есентай өзенінің бойымен Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының жанындағы 2 шлагбаумнан өту арқылы жетуге болады. Шлагбаум арқылы жүріп өту үшін автокөліктің маңдайша әйнегінде «КОНФЕРЕНЦИЯ» деп жазылған белгі болуы керек. Кітапхана ғимаратының алдында автотұрақ орналасқан.   Өту жолдары бойынша мәліметті Белходжаев Абдунасырдан (87015590921) ала аласыздар.

Жаяу жүргіншілер үшін кітапханаға университеттің орталық аллеясы бойымен Тимирязев көшесі жағынан кіруге болады.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғалар мен ұйымдарды қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша эпидемиология және гигиена кафедрасымен мына байланыс телефондары арқылы мәлімет алуға болады тел. 8(727) 2211614, 8(727) 2211615, 87017268003, е-майл ephykaf@gmail.com.