Қ.Т. Жұмағұловтың 70 жылдық мерейтойы

08.02.2018

Көрулер: 3410

2018 жылы 9 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Құрмет» орденінің кавалері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дүние жүзі тарихын зерттеу РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Геттинген университеті профессоры Қ.Т. Жұмағұловтың 70 жылдық мерейтойы мен ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына  арналған «Интеграция және модернизация жағдайындағы Дүние жүзі тарихы және Еуразиядағы халықаралық қатынастар»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырады.

Шараға барлығы 100-ден аса отандық және шет мемлекеттер – Германия, Италия, Түркия, Өзбекстан, Украина, Қытай елдерінен келген шетелдік ғалымдар қатысады. Баяндама жасаушылар: профессор Фабио Грасси (Ла Сапиенза университеті, Рим қ.), тақырыбы – «Батыс пен Орталық Азияның өткені мен бүгіні»; профессор Миша Майер (Тюбинген университеті, Германия), тақырыбы – «Кейінгі ежелгі дәуір мен ерте ортағасырлар туралы жаңа әдебиеттерге шолу»; профессор Мехмет Арслан (Стамбул университеті, Түркия), тақырыбы – «Түркия – Евразияның геосаяси көпірі» және т.б.

Конференция барысында Қазақстандағы дүние жүзі тарихын зерделеудің өзекті мәселелері, посткеңестік кеңістіктегі заманауи тарих әдіснамасының мәселелері, Қазақстандағы ұлттық тарих мәселелері талқыланады. Жетекші тарихшы-ғалымдар мемлекеттердің ұлттық сәйкестігін қалыптастыру, қоғамды демократияландыру үдерістерінің контексінде тоталитарлық өткенді еңсеру және сын тұрғысынан ойлау туралы пікір алмасады.Конференцияның екінші бөлімі – өзінің қызметтік жолында ассистенттен бастап профессорлыққа, ежелгі дәуір және ортағасырлар тарихы кафедрасының нгізін қалаушысы әрі алғашқы меңгерушісі, атақты ғалым және Қазақстандағы тарих ғылымының ұйымдатырушысына дейінгі жолды жүріп өткен алғашқы қазақ тарихшы-медиевист ғалым Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлының қызметіне байланысты.

Конференцияның қатысушыларының баяндамалары мен ғылыми хабарламаларын конференцияның материалдарының жинағында жариялау жоспарлануда.

 

Шараның өткізілу орны мен уақыты:  қонақтар мен қатысушыларды тіркеу сағат 10:00, әл-Фараби атын. ҚазҰУ Кітапханасы, 4 қабат, 2 конференц-зал  №408.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс

Байланыс мәліметтері: +7 (727) 377- 33- 38

ішкі 12-84, 12-89- Суйнова Айнура Талгатовна