«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында

04.12.2017

Көрулер: 5019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы аясында 2017 жылдың 6  желтоқсанында көрнекті венгр шығыстанушысы, саяхатшысы, зоолог және этнограф ғалымы Алмаши  Дъердяның қызметі мен шығармашылығына арналған Венгрия.ның Алматыдағы Бас консулдығымен біріккен дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Алмаши Дьердя 1900 жылы Грац университетінің ұстазы Рудольф Штуммер фон Траунфельспен бірге Азияға саяхат жасап, Ыстық көлдің шығыс аудандарын, Іле өзені басссейнін және ол кезде әлі зерттелмеген Тянь-Шаньның үшінші сілеміне зерттеу жұмыстарын жүргізген.  

Шара аясында Иштван Шанта мырзаның  «Наследие Алмаши в Средней Азии»;  Шофман Кара Давид мырзаның  «Путешествие Алаши в 1990 г. в Жетысу» атты қазақ тіліндегі баяндамасы тылқыланады.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Венгрияның Алматыдағы Бас консулдығы.

Өткізілетін уақыты мен орны:

Тарих, археология және этнология факультеті, Мәжіліс залы (405 ауд.), 6 желтоқсан  2017 жыл, сағат 11.00 басталады.

 Дөңгелек үстел жұмысына Алматыдағы Бас консулы, венгр ғалымдары, шығыстанушы, этнограф ғалымдар, ҚР ОММ қызметкерлері және Қазақстанның ЖОО қызметкерлері, ҚазҰУ-нің ғалымдары мен ұстаздары қатысады.

 

Байланыс телефондары: 87078307800; +7(727) 221-12-88 Уразбаева Акжамал Машруповна