«Иммерсивті журналистика»

20.11.2017

Көрулер: 4554

2017 жылы 22 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орта Азиядағы және Қазақстандағы ең алғашқы «Иммерсивті журналистика» мультимедиялы зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Иммерсивті журналистика – жаңалықтарды, хабарламаларды және репортаждарды виртуалды шындық жүйесінде таратудың жаңа цифрлық платформасы, аудитория әсерін зерттеуді талап ететін Қазақстан ақпарат құралдарының жаңа түрі.

Зертхананы құру жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар (математикалық және компьютерлік модельдеу, компьютерлік физика, программалау, виртуалды технологиялар, медиа дизайн, психология, әлеуметтану және журналистика) қиылысында иммерсивті журналистиканың теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерттеуге мүмкіндік береді. Зертхана қызметкерлері жаңа медианың оң және теріс әсерлерін зерттеу үшін бірқатар психологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Иммерсивті журналистика журналистің кәсіби этикалық жауапкершілігін арттырады, өйткені оның күшті психологиялық әсері бар. Қазақстандық мазмұндағы «Семей полигоны», «Алматы  қаласын жер сілкінісінен құтқару», «Климаттың өзгеруі», «Алматыдағы сел», «Алатау мұздықтары» т.с.с тақырыптарын виртуалды баяндау мақсатында  түпнұсқалық дизайн шешімімен, анимациялық 3D бейнеклиптер түсіру және оларды модельдеу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, лабораторияда Қазақстан журналистерін иммерсивті  журналистика саласында оқыту үшін ғылыми-әдістемелік материалдар жиналады.

Зертхана ғалымдары виртуалды шындықты зерттеу модельдеріне сыни-салыстырмалы талдау өткізеді, сондай-ақ иммерсивті журналистиканы пайдаланудағы CNN, The New York Times, The Guardian сияқты шетелдік университеттердің тәжірибесіне талдау жүргізеді. Осы оқу жылында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 18 магистранты Остин университетінен қашықтықтан (АҚШ, Техас штаты) «Иммерсивті журналистика», «Виртуалды шындық» курстарын өтті. Құрылған лаборатория АҚШ-тың Стэнфорд университетінің Виртуальды өзара әрекеттесу зертханасымен ғылыми байланыс орнатқан.

Зертхананың ашылу салтанатына Ұлыбританияның Лестер университетінің байланыс және журналистика мектебінің өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы университеттерінің журналистика  бөлімінің студенттері қатысады. Тұсаукесер рәсімі кезінде қатысушылар иммерсивті журналистика мысалдарымен танысып, болып жатқан оқиғаны сезінуге көмектесетін жаңа технорлогиялар арқылы виртуалды шындыққа ену әсерін сезіне алады. Зертханада демонстрация мен зерттеулер жүргізу үшін қажетті жаңа жабдықтар бар.

Ректор, академик Ғ.М. Мұтанов: «Еліміздің ең ірі ЖОО-виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып, зертхана құру «Сандық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға маңызды үлес қосады, сондай-ақ,  қазақстандық журналистердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады» деп атап өтті. Зертхана басшысы, с.ғ.д., журналистика факультетінің профессоры Ғалия Ибраева: «ғылыми-зерттеу зертханасы еліміздегі заманауи журналистиканың жаңа бағыттарын дамытуға елеулі үлес қосып, ақпараттық қауіпсіздік пен жаңа сандық тасымалдағышта ақпарат алуға негіз болады» деп атап өтті.

Өткізу орны және уақыты: 2017 жылдың 22 қарашасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Samsung Инновациялық академиясында.  (физика-механика және математика факультеттері арасындағы ғимарат) сағат 11.00-ден бастап.

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы мен Физика-техникалық және механикалық-математикалық факультеттердің автокөлік тұрағы жағынан кіру. Студенттер сарайына қарама-қарсы екінші автотұрақ бар

Қатысушылар: Проректорлар, факультет декандары кафедра меңгерушілерімен,  механика-математика, физика және технология, философия және саясаттану факультеттерінің және журналистика факультетінің докторанттары мен магистранттары, Халықаралық қатынастар проректоры мен Лестер университетінің үш қызметкері.

Тіркелу:

+7 (727) 377-32-64, ұялы байланыс: 7 701 222 7772 телефондары бойынша

немесе  Galiya.Ibrayeva@kaznu.kz электронды почтасы бойынша

 

 

Байланысу үшін:

Ибраева Ғалия Жүнісқызы

+7 701 222 7772

Айнұр Молдашева +7 777 629 6100

@