« Т.Әбдіковтің парасат әлемі»

10.11.2017

Көрулер: 3174

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті Сіздерді 2017 жылы 14 қарашада өтетін «Т.Әбдіковтің парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кешке шақырады.

Шығармашылық кештің мақсаты - көрнекті  жазушы, драматург Т.Әбдіковтің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы ҚР Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу

 

Шығармашылық кештің қатысушылары:

Байбек Бауыржан – Алматы қаласының әкімі

Жайлыбай Ғалым – ҚР Жазушылар Одағының хатшысы

Белгілі қаламгерлер

Әдебиетші ғалымдар

 

Шығармашылық кеште төмендегідей мәселелер қарастырылады:

1. Т. Әбдіков шығармаларындағы ұлттық болмыс;

2. Қаламгердің шығармашылық келбеті;

3. Т. Әбдіков туындыларындағы рухани әлем суреттері

 

Өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті, 15 қабаттағы мәжіліс зал

Басталуы: 11.00

Барлық мәселе бойынша мына нөмірге хабарласыңыздар: Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1323), 87012701868,  e-mail: mj_laila@mail.ru