«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»

08.11.2017

Көрулер: 3828

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында «Әлем Елбасы көзімен» атты кітап көрмесінің тұсаукесері және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы залының ашылуы болады.

Шараға ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары, саясаттану ғылымдарының кандидаты Бақытжан Темірболат; Елбасы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов; ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және басқа да қоғам қайраткерлері қатысады.

Негізгі мақсат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету болып табылады.

Шара аясында «Назарбаев моделі» атты ғылыми конференция, сондай-ақ Елбасының әртүрлі тілде жарық көрген кітаптар көрмесі көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Өтетін орны және уақыты: ҚазҰУ кітапханасы, 16 қараша, сағ.9.30